Шетелдік ғылыми кеңесші қажет пе?

4155
Adyrna.kz Telegram

Диссертациялық жұмыс жазу барысында ғылыми кеңесші қандай бағыт-бағдар беруі тиіс?
Ғылыми зерттеу жұмысын жазуға шетелдік ғылыми кеңесші қажет пе? Қажет болса, не үшін қажет? Осы сауалдардың соңғысына тоқталсақ, отандық кеңесші ықпалынан да шет елдік басылымда мақала жариялауда, басқа елдердің архивтеріне енуге де шет елдік кеңесшінің еңбегі ұшан-теңіз.
Өз саламызға келсек, кейбір әдебиеттануға түскен докторанттардың тілші ғалымдарды, керісінше, лингвистика саласына түскендер педагогика саласындағы, тарих саласындағы ғалымдарды шет елдік кеңесші етіп алуы өткен уақыттарда жиі ұшырасып та қалатын.
Қазір ең жақсысы, бұл талап қатаң қадағаланып, сарапталатын болған.

Шетелдік кеңесшінің зерттеу тақырыбы, айналысатын ғылыми бағыты Өзіңіздің зерттеу тақырыбыңызға сай болуы тиіс. Ол отандық ғылыми кеңесшіңізбен біте шығармашылық байланысты болды десеңіз, онда сіздің алдыңыздан зерттеу ісінде зор мүмкіндіктер пайда болатынына сеніңіз.

"Шетелдік кеңесші" деген ұғымды тоғыз жыл бұрын естідім ұстазым Құлбек ағайдан. Ал сол шетелдік кеңесшінің даусын телефоннан сол тоғыз жыл бұрын, дәл осы қыркүйектің он төрті күні естіген едім.
Құлбек ағай "өзің хабарласып көр" деп берген болатын телефон номерін. Бүгін сол Хатиып ағайымнан сәлемдеме алдым, кітабын арнайы қолтаңбасымен жіберген екен. Ол шетелдік кеңесшімнің алғашқысы болған еді... Алтын Орда дәуірі, түрік халықтарына ортақ шығармалар, ХХ ғасырдағы әдеби-тілдік байланыстар - тізе берсем, ұшы-қиыры жоқ көптеген сауалдардың жауабын да, іздеген материалдарымның қай архивте екенін де осы ағайымнан білген едім. Екінші шетелдік кеңесші ғалым Наджиые апай болатын... Бұл ғалым ұстазым туралы әңгіме тіптен бөлек. Бас иемін!
Жол көрсетіп, бағыт берген ғылым жолындағы әрбір ағаларыма, апайларыма құрметім уақыт өткен сайын тереңдей бермек!

Арай ЖҮНДІБАЕВА,
философия (PhD) докторы,
лингвист, әдебиет зерттеушісі
Пікірлер