Президент 2 баладан артық тумауға шақырған

3504
Adyrna.kz Telegram

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды азайтуға және отбасында екі баладан артық болмасын деп шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Известия» және Al-Ahram арналарына сілтеме жасап.

Үкімет туудың жоғары деңгейі мемлекеттің өміріне теріс әсер етеді деп алаңдап отыр: азаматтар өмір сүру жағдайының жақсарғанын сезбейді.

«Отбасында екі баладан артық болса, өте маңызды мәселеге айналады. Мысыр үшін жыл сайын 400 мың адам өсімі оңтайлы (жыл сайын ел халқы 2,4 миллион адамға көбейеді – еск.)», – деді президент.

Қазір Мысырда 101 миллионнан аса адам тұрады. Бұл көрсеткіш бойынша ел араб мемлекеттерінің арасында бірінші болып тұр.

Пікірлер