Отандық «QazCovid-In» вакцинасына бірқатар ел қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бірнеше мемлекет біздің өнімге қызығушылық танытып отыр. Алайда олардың барлығы клиникалық зерттеулер нәтижесін күтуде. Біз ең алдымен өзімізді вакцинамен қамтамасыз етеміз. Содан кейін ғана өнімді сыртқа сатуды жоспарлаймыз»,-деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда отандық вакцина клиникалық зерттеудің үшінші фазасынан өтіп жатыр.
«Адырна» ұлттық порталы