Президент өкімімен Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түймебаевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры болып тағайындалғаны хабарланған еді.
«Адырна» ұлттық порталы