Зейнетақы жинағын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды

2492
Adyrna.kz Telegram

​​Зейнетақы жинақтарын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шымкент қаласының тұрғынына 1 ақпанда арнайы шотына бір жолғы зейнетақы төлемдері түскен.

Клиент тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алды. Ал ипотеканы «Отбасы банкінен» алуды шешкен.

"Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым. Ипотеканы «Отбасы банктегі» аралық заем арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады", – дейді кейіпкер.

 

Пікірлер