Навальный 3,5 жылға сотталды - жақтастары наразылық акциясын жариялады

3909
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің оппозициялық саясаткері Александр Навальный 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сот барысына Еуропаның 20 шақты мемлекетінің білікті дипломаттары қатысты. Сотталушының 350-ге жуық жақтастары ұсталды.

Навальныйдың штаб-пәтері мен ФБК өкілдері Мәскеудегі Манежная алаңында наразылық акциясын жариялады. Мәскеудің орталығындағы Манежная алаңында полиция наразылық тудырған адамдарды ұстап әкетті.

Сейсенбі, 2 ақпан күні әлеуметтік желілерде рұқсат етілмеген наразылық акциясының кесірінен елорда орталығында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Сондай-ақ, полицияның өтініші бойынша, Охотный Ряд, Площадь Революции, Театральная және Александровский Сад метро станциялары уақытша жабылды, ал пойыздар тоқтаусыз жүреді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер