Вакцинациядан кейін халыққа QR кодтар беріледі

2291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/2781e49ab8dea43783401d39aa824035.jpg
Коронавируске қарсы салынған вакцинадан кейін халыққа QR кодтар берілетіні туралы Алексей Цой мәлімдеді,- деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Жеке иммундық мәртебесі туралы QR код ақпаратымен қамтылған Egovmobile мобильдік қосымшасын іске қосу жоспарланып отыр, ол Ashyq медициналық қосымшасына кіріктірілген", - деді денсаулық сақтау министрі.
QR-кодтар не үшін керек деген сұрақтар елді мазалайтыны анық. Министрдің айтуынша, бұл адамның коронавируске қарсы вакцинадан өткен-өтпегендігін оңай әрі тез анықтайтын әдіс.
"Осы жоспар аясында вакцинацияны ұйымдастыруға және жүргізуге арналған әдістемелік ұсыныс жасалды, сонымен қатар вакциналарды сақтау мен тасымалдау ережелері түзілді, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде", - деді Цой.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер