Ермахан Ибраимов пен Жансая Әбдімәлік мәслихат депутаты атанды

5351
Adyrna.kz Telegram

Алматы мәслихатына «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« "Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының 13 қаңтардағы шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес 29 кандидаттың тізімі бекітіліп, VІІ шақырылымдағы Алматы мәслихатының депутаттары ретінде тіркеу үшін Аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді»,-делінген хабарламада.

Партияның қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жаңа депутаттық Фракция алдында «Алматы - 2050» стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарлама мен сайлаушылардың аманаттарының орындалуын жүйелі түрде қадағалау міндеті тұр.
Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ды, жастардың үлесі - 24%-ды құрады. Депутаттардың орташа жасы - 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімі:

1. Ақанова Әсия Айқанқызы – Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының және «Күміс ғасыр» ҚҚ-ның директоры
2. Авершин Константин Викторович – «Я - алматинец» қоғамдық қозғалысының жетекшісі
3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы – Қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер
4. Әділханов Мұрат Әділханұлы - «Көктем групп ЛТД» ЖШС-нің басқарма төрағасы
5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы - «Tanmedia Group» директорлар Кеңесінің төрағасы
6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы - « №169 мектеп- лицейдің» директоры
7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы - «Алматы ӘКҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы
8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы – Д. Қонаев атындағы коледж директоры
9. Грачев Михаил Владимирович - «ДСУ-13»АҚ-ның директоры
10. Есматов Серік Аманжолұлы – Параолимпиадашы, волейболдан Қазақстанның жастар құрама командасының экс-капитаны
11. Жүдебаев Арман Әділханұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры
12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы - «Good food KZ» ЖШС-нің директоры
13. Ибрагимова Ляззат Еркенқызы - «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» АҚ-ының басқарма төрайымы
14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы – бокстан Олимпиада чемпионы, «Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы» РМКК-ның директоры
15. Канкуров Станислав Владимирович - «Nur Otan» партиясы Алматы ҚФ төрағасының бірінші орынбасары
16. Қасымов Ерболат Болатұлы - «Айсултан» холдингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы
17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, «Ақпараттық –ресурстық орталық» ҚҚ-ның директоры
18. Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – «қалалық кардиологиялық орталық» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы
19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы - «Q3 Worldwide» инвестициялық холдингтің бас директоры
20. Құрманбек Әсел - «Green Works» ЖШС-нің құрылтайшысы
21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы - «Атрикс-Строй» ЖШС-нің директоры
22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы - «№5 қалалық клиникалық аурухана» МҚК-ның бас дәрігері
23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы - «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы
24. Талбидинов Есенгелді Закірханұлы - «Жол- Транссервис 2006» бас директоры
25. Тау Нұрымбек - «Daco motors KZ» ЖШС-нің директоры
26. Өмірбаева Зауреш Әбілғожанқызы – Кәсіподақтардың Алматы қаласы бойынша «Кәсіподақ орталығы» Аумақтық бірлестігінің төрайымы
27. Финогенов Максим Владимирович - «DWS group» компаниясының директоры
28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы - «АЗМК» ЖШС-нің бас директоры
29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы - Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер