Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Алғыс» орденін табыс етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
«Сіз Қазақстанның өркендеуі жолында көп шаруа атқардыңыз. Ең бастысы – дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім. Бұл – халыққа жайлы, берекелі және жақсы өмір сүруге, мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін қос тірегіміз. Қалың көпшіліктің атынан Сізге зор алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Сіз бар ғұмырыңызды туған жерге қызмет етуге арнадыңыз»,-деді Астана және Қазақстан митрополиті.
«Адырна» ұлттық порталы