Армяндар Пашинянның жолын жауып тастады

2766
Adyrna.kz Telegram

Арменияның Сюникс облысының тұрғындары Армения премьер-министрі Никола Пашинянды облысқа кіргізбеуі үшін жолды жауып тастады. Бұл туралы «Sputnik Армения» Telegram каналында жазды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Қамшы» сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар бұл әрекеті арқылы Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы демаркацияға қарсылық білдірді.

Тұрғындар жолды көлік пен шынжырмен бөгегеннен кейін тұрғындар мен полиция арасында қақтығыс болды. Пашинян тұрғындармен «көзбе көз» сөйлесететінін айтып Facebook-те тікелей эфирге шығып, Сюниктен бір де бір миллиметр берілмейтініне уәде берді.

Премьер-министр 21 желтоқсанда Мегри, Капан, Горис, Сисиан қалаларына баруды жоспарлап отыр.

Әзербайдан президенті Ильхам Әлиев Сюник облысы, Ереван мен Севан Әзербайжанның тарихи жері екенін айтқан. Ол Армения билігін Кеңес үкіметі кезінде аталмыш жерлерден мыңдаған әзербайжанды өз жерінен қуып шықты деп айыптады.

Пікірлер