ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: Д.Қонаевтың ұлты татар емес

6159
Adyrna.kz Telegram

Қазақ халқының біртуар тұлғасы Дінмұқамед Қонаевтың ұлты татар деушілердің үндері енді өшетін шығар.

Ол өсекті шығарған Қонаевты Хрущевке жамандап бірер жыл орнын тартып алған Исмаил Юсупов еді ғой..

Rashid Orazov

1904 жылы қазан айында Төменгі Іле болыстығының 14-ші ауылының тұрғыны Жұмабай Қонаев қажылық парызын өтеу үшін жарты жылдық төлқұжат алуға жазған өтініші. Осы жылы Жұмабай Қонаевтың жасы 55-те деп көрсетілген.

Димекең өзіне дейінгі жеті атасын «Жолын – Нұрмамбет – Азынабай– Қонай – Жетібай – Жұмабай – Меңліахмет – Дінмұхамед» деп таратады. Димекеңнің әкесінің толық аты-жөні – Меңліахмет Жұмабайұлы Қонаев. Қонай – төртінші атасы. Әкесі Меңліахмет 1976 жылы тоқсан жасына үш ай жетпей дүниеден озды.

Пікірлер