Министр Цой неге көрінбей кетті?

2237
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой журналистердің қатысуымен өтетін брифингтерге неге сирек қатысатынын айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz  - ке сілтеме жасап.

"Неге сіз 13 қазаннан бастап брифингке шықпадыңыз? Жақында екі ай болады", - деп сұрады журналист Цойдан ОКҚ онлайн-брифингінде.

"Брифингті күтетіндеріңіз үшін көп рақмет. Әрине, ол біз үшін өте маңызды. Біз шешімін табуымыз керек өткір мәселелер көп. Өңірлерге, тікелей ошақтарға көптеген сапар жасадық. Ауруханаларға барып, әріптестерімізбен кездестік, әр өңірде - Маңғыстау облысында, Шығыс Қазақстан облысында іс-шараларды қалай өткізу керегі түсіндірілді. Әріптестерімізбен түрлі  дайындық өткіздік.

Біз орындауға міндетті осындай мәселелер  өте көп, соның ішінде өңірлік форматтағы жұмыстар бар. Брифингті бүгінге жоспарладық, сіздерді қызықтыратын жағдайларды түсіндіруге дайынбыз", - деп жауап берді Алексей Цой.

Фото ашық дереккөзден алынды

Пікірлер