Түркістан облысында жарамсыз дәрілер тәркіленді

2459
Adyrna.kz Telegram

Есірткіге қарсы күрес басқармасы мен Сарыағаш аудандық полицейлері дәрі-дәрмекке толы жүк көлігін анықтады.

Машина толы 254 қорапқа салынған препараттардың жалпы құны – 34 миллион.

Тауардың Өзбекстан азаматына тиесілі екені анықталды.

Тәркіленген дәрі-дәрмек ішінде бисокодил, бисептол, кетонал және басқалары  болған. Енді препараттардың көзі жойылады.

Қазір Сарыағаш АПБ-да тіркелді, тексеру жалғасуда.

Фото ашық дереккөзден алынды

@baq_kz

Пікірлер