Қазақстандықтарға саусақ ізін тапсыру керек пе?

2540
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ішкі істер министрлігі «қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндетті» деп «Еуразия бірінші арнасы» таратқан ақпарат ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын тілші 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды» делінген ведомствоның түсініктемесінде. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі осы ақпаратты таратпауды, мекеменің бүгін берілетін ресми түсініктемесін күтуді сұрайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер