Лукашенко өкілеттілігін бөліп бермек

2428
Adyrna.kz Telegram

Беларуссия Президенті Александр Лукашенко Бүкілбеларусь Халық жиналысында мемлекет басшысының өкілеттілігін «жауапкершіліктен жалтармай» адал бөлуге уәде берді, деп хабарлайды Belta.

Оның айтуынша, ел конституциясын бұзбай, мемлекет басшысының 70-80% өкілеттілігін парламентке, үкіметке және басқа құрылымдарға беруге болады.

"Бұдан кейін: Бүкілбеларусь халық жиналысында мен сіздерге жауапкершіліктен шықпай-ақ билікті адал, әділ бөлуге уәде беремін. Қоғамда айтарлықтай мәселелер жоқ: біз барлық шешімдерді қабылдадық. Оларды негізінен қоғамның өткір сынына қарамастан, президент қабылдағанын жақсы білесіздер. Бірақ мен онсыз ел бола алмайтынымызды түсіндім", – дейді Лукашенко.

Бүкілбеларусь халық жиналысын 2021 жылдың басында ­– қаңтар-ақпанда өткізу жоспарланған.

"Халық, қоғам өзгергісі келеді және олар президент пен оның өкілеттігіне қарап қалды. Бұдан шығудың жолы – Конституцияға өзгерістер енгізу. Біз жақында Парламент басшылығымен Президенттің өкілеттігін 70-80%-ға Парламентке, Үкіметке, басқа құрылымдарға беру үшін Конституцияны бұзудың қажеті жоқ деп келістік", - деді Лукашенко.

Ол президентке арналған "жүз беттен" тұратын ұсыныс Парламент пен Үкіметтің назарында екенін атап өтті.

«Сонымен, оларды өркениетті қоғамдағыдай шешейік: үкімет жағдайды жан-жақты қарастырып, егер бюджетте кемшілік болса, оны анықтап, ІІМ-нің, МҚК-нің, әкімдердің, жергілікті билік органдарының ұсыныстарымен парламентте талқылап, пікірталас жүргізіп, заң бойынша шешім қабылдайды және президентке заңға қол қоюға жібереді. Мен сіздерді тыңдауға дайын екенімді айтамын, бірақ шешімді сіз қабылдайсыз», - деді ол.

Өткен аптада Лукашенко республиканың басқа органдарымен 2021 жылға дейін өкілеттігін бөлу туралы жоспарларын жариялады. Бұған дейін ол өзінің функцияларын қайта бөлуді Беларуссия Конституциясының жаңа редакциясында көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Содан кейін президент олардың кейбірін жергілікті деңгейге беруге болатындығын атап өтті. Сонымен қатар, Беларуссия басшысы елдің жаңартылған Негізгі Заңының жобасы референдумға дейін қоғамдық талқылауға шығарылатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Беларуссия басшысы қысыммен емес, «кету керек» кезде билікті босататынын мәлімдеген.

Radiosputnik.ria.ru

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер