Үй өртеніп, үш адам қайтыс болды

2494
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында жеке меншік үй өртеніп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.

Оның біреуі – 8 жасар бүлдіршін.Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт таңға жуық сағат 3-те болған. Өрт сөндірушілер жеткенше шатыр опырылып үйдің ортасына түсіпті. Мамандар отпен бір сағат жүріп алысып, зорға сөндірген. Қазіргі таңда өрттің шығу себептер анықталып жатыр.

«Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2001, 2012 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрттің жалпы көлемі 40 шаршы метрді құрады. Қазір жалынның тұтану себептері анықталуда»,-деді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерлан АҚАШОВ.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер