Сабақты бала емес, ата-анасы оқып жүр

3028
Adyrna.kz Telegram

Байқауымша кейінгі жылдары сабақты бала емес, ата-аналар оқитын сияқты. Үй тапсырмасын солар орындайды. Есебін шығарады дегендей.

Біздің кезімізде сабаққа ешкім көмектескен жоқ. Есеп шығарып бер, тақпақ жазып бер деп айтып көрмеппін. Сабақты ата-аналар оқыған жоқ, мен де оқыған жоқпын. Үй тапсырмасын орындау деген ойымызға да кіріп шықпапты ғой. Барамыз, келеміз. Сөйтіп зорға деп 3 ке бітірдім ғой. Аттестатымда 2 көп. Оған қиналған да жоқпын, 2 ге шықтың деп ұрысқан да жоқ. Аттестатыма көрімдік алғаным, мектеп бітіргенімде үйдегілер тай сойып той жасап, қаншама пәдәркі алғаным есімде. Қазір ойлаймын не үшін тойлап, не үшін пәдаркі берді деп. Әйтеуір 11 бітірді деген атағым ғана болды. Қашып-пысып 2 ге бітірсем де пәдәркі берген сол кездің адамдары кең екен ғой шіркін.

Бәсе қазір неғып вундеркиндтер көп десем, әке-шешелері оқиды екен ғой. Сабақты апам оқығанда мен де "Алтын белгіге" бітіреді екенмін ғой иә.

Қалжың ғой.

Дәулет Серікбайдың жазбасынан.

Пікірлер