Балаларға базарлық: Достық (6 жасқа дейінгі балаларға арналған әңгіме)

11696
Adyrna.kz Telegram

Ерлік пен Айдар – айнымас достар. Бір-бірін сәл көрмесе сағынады. Іздейді. Ерлік есепке, ал Айдар әдебиетке жүйрік. Әркез бір-бірін толықтырып жүреді. Өздері көрші тұрады. Соңғы кезде Айдар досымен хабарласпайтын боп жүр. Өйткені, ренжісіп қалған. Сол болмашы нәрсеге ғой, баяғы.

– Ата, достық деген не? – деді ол.

– Достық деген – адалдық. Дос көп болмайды. Соған адал бол. Ренжітіп алсаң, кешірім сұрай сал. Кішіпейіл бол.

Айдар ойланып, Ерліктен кешірім сұрады. Екеуі татуласты.

Әлібек БАЙБОЛ

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

жазушы-драматург, әдебиеттанушы 

Пікірлер