Саха тілі жойылудың аз-ақ алдында

3706
Adyrna.kz Telegram

23 қазан күні Ресейдің М.К. Аммосов атындағы Солтүстік Шығыс Федералді университеті бастамасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы арасында онлайн  конференциясы болып өтті.

Конференция барысында қазақ-саха арасындағы мәдени-рухани байланыс турасында талқылау болып, түркітілдес халықтарға қатысты әртүрлі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ бүгінде жойылып кетуге таяу тұрған саха тілінің жайы да онлайн кездесу барысында арнайы сөз болды. Саха ғалымдары бүгінде өз тілдерінің мүшкіл халін ерекше атап, алаңдаушылықтарын білдірді.

Екі ел арасындағы мұндай байланыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті деканы PHD доктор Ықтияр МОЛДАТӨРЕҰЛЫ мен  СШФУ жанындағы  Ресей Федерациясы  Солтүстік Шығыс халықтарының тілі мен мәдениеті институтының директоры Гаврил ГРИГОРЬЕВИЧ онлайн кездесуге жетекшілік жасады.

Кездесудің модераторы Марат РЫСБЕКОВ: "Алмазды Республикада" 970 мыңдай адам тұрады. Оның ішінде саха (якут, жахұттардың) саны 450 мың ғана. Тілдері өліп бара жатқан тілдер қатарында" - деп атап өтті.

20 қараша күні екі университет ғалымдарының арасында тағы да кездесу жоспарланды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер