Шымкент қаласының аудан аумақтарында тұрғындарды ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Абай ауданындағы «Солтүстік саяжай» шағынауданы тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары басталды. «Су жоба құрылыс» ЖШС тарапынан инженерлік жүйелердің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген болатын.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «Бесқара» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Құрылыс аяқталған соң шағынаудан тұрғындары толық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы