Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайлы "Адырна" тілшісі.
Жеделхатта Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды естігенде қатты қамыққандығы айтылды.
– Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде қажеттілік туындаған жағдайда қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.