Шымкентте карантиндік талаптардың сақталуы қатаң бақылауда

1985
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында мобильдік топтың өкілдері күндізгі және кешкі уақыттарда карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті полиция кызметі, прокуратура, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөлімі және «Атамекен» ҰКП-ы мамандары бірлесе кезекті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарда карантин талабын бұзған азаматтар анықталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Талаптар мен ережелерді сақтамаған сауда орындары әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеміз.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер