Қысқа дайындықты тексерді

2270
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы техникалардың қысқа дайындығын пысықтау мақсатында «ЛТД Тұрмыс» ЖШС техникалық базасында болды.

Айту керек, биылғы жылы қаланың тазалығы үшін 20 жаңа техника, 4 Газель сатып алынды. Қазіргі уақытта мекеменің балансында 258 техника бар. Оның 208-і - арнайы техника.

Жыл соңына дейін қоқыс шығаруға арналған тағы 30 техника, 10 дана КамАЗ сатып алынады. ЖШС «ЛТД Тұрмыс» базасында 12 130 м3 инертті материалдар жиналды.

Сондай-ақ, қала әкімі М.Әйтенов күзде отырғызылатын ағаштар мен көшеттерді қарап шықты.

Әйтенов тиісті сала басшыларына қысқы мезгілге 100% дайын болуды тапсырды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер