"Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады": Билл Гейтс коронавирустың одан сайын өршейтінін ескертті

2844
Adyrna.kz Telegram

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс күзде коронавирусқа қатысты жағдай бұрынғыдан да нашар болатынын айтып, ескерту жасады. Бұл туралы Fox Business-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады" - деді ол. Гейтстің айтуынша, қазір вирусты жұқтыру деңгейі өсуде, ал суық ауа райының басталуымен адамдар жабық жерлерде көбірек уақыт өткізе бастайды, бұл инфекция санының өсуіне әкеледі.
Одан бөлек, Microsoft негізін қалаушысы вакцинаның дүниеге келуіне дейін адамдар тек бір жағдайда аман қала алады. Бұл олардың тікелей жүріс-тұрысына қатысты. "
Өкінішке қарай, бұл мәселеге қатысты жәйбасарлық пен негативті ой қалыптасып қалды. Қазіргі уақытта АҚШ-та бетперде тағу режимі қалыпты деңгейде сақталып жатқан жоқ", - деді ол.
Осыған дейін, Билл Гейтс коронавирустан кейінқалыпты жағдайға келу үшін не қажет екенін айтқан болатын. Ең жақсы дегенде, бұл пандемия 2022 жылы аяқталатынын айтты.
COVID-19 вирусы алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. Содан бері бүкіл әлемде 38,5 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, 1,09 миллионнан астам адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта вирусты АҚШ-та 7,9 миллион адам жұқтырған.

Пікірлер