Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығындағы теннис корты қайта жөнделуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалған.
Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады.
Сонымен қатар, құрылыс басқармасының мәліметінше, зоологиялық бақтағы қайта құру жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Жаңадан 2 павильон, жасанды өзен және көпір салынып жатыр. Бүгінгі таңда демонтаж жұмыстары - 90%, іргетас - 30%, көлді бетондау - 40%, қасқырлар үйі - 25%, аюлар үйі - 20%, маймылдар үйі - 30% орындалған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі