Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

5627
Adyrna.kz Telegram

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) рейтингісінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді.

«Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!» – делінген команданың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия болса, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы -
боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматыда өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Инчхонадғы Азия ойындарының жеңімпазы, Амманда өткен Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер