«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»

2167
Adyrna.kz Telegram

2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында (бұдан әрі - ББЖ ҚБАРИ)  «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында  on-lineсеминар-практикум өткізілді.

Іс-шара ББЖ ҚБАРИ  жұмысының 2020 жылға арналған жедел жұмыс жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Оn-line семинар-практикум мақсаты ғалымдар мен педагогтардың және мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының кәсіби диалогына жағдай жасау, балаларды ерте жастан дамытуды  іске асыру бойынша тәжірибе алмасу болып белгіленді.

Семинар жұмысын ф-м.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ директорының инновациялық білім бойынша орынбасары Н.О.Қойлық құттықтау сөз сөйлеп ашты.

Семинар-практикумды п.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі Маханбетова А.А.  мен кафедраның курстан кейінгі қолдау және инновацияны дамыту зертханасының меңгерушісі Биомарова Г.А. жүргізді.

Семинар-практикум барысында п.ғ.к., «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі А.А.Маханбетова, ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы К.К.Турдахунова, п.ғ.д., ҚазҰлтҚызПУ профессоры С.Н.Жиенбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік  педагогика  кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессорҰ.Қ.Қыяқбаева,  Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. У.Б.Толешова, Абай атындағы КазҰПУ аға оқытушылары 3 курс PhD докторанты С.Ж.Еркебаева және п.ғ.м. Б.Аувакир, сондай-ақ республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары баяндама жасап, өз тәжірибелерін ортаға салды.

Оn-line семинар-практикумға 75-ден астам білім беру қызметкерлері, атап айтқанда, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының оқытушылары, облыстық, қалалық білім басқармаларының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары қатысты.

Іс-шара мектепке дейінгі ұйымда балаларды ерте жастан дамытуды басқарудағы инновациялық тәсілдер, 1 мен 3 жас аралығындағы балаларда әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдысын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша онлайн режимінде диалог алаңына айналды.

Республикалық онлайн семинар-практикум қорытындысы бойынша ұсыныстар талқыланып,  қабылданды.

 

Пікірлер