Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап.
Аталған мәлімдемеде: "Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді.
Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз.
Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз", - делінген.