Берілген бес бейнеден өзіңізге ұнайтын біреуін таңдаңыз. Көзіңізге емес, көңіл түйсігінің таңдауына құлақ асыңыз. Сонымен, шешім жасадыңыз ба? Кеттік.
1. Күн. Бұл суретті кез келген жағдайды бақылауында ұстап, билікке ұмтылатындар таңдайды. Сіз өміріңізге толықтай ризасыз, оған ешкім шүбә келтірмейді. Тіпті барлығы ойдағыдай болғанынан да кейде әлдебір өзгерісті қалайсыз. Өмірде бұрын «дәмін татпаған» жаңа нәрселерді де байқап көру артық етпейді.
2. Сағат. Бұл «қайтымсыздық» белгісі. Егер тура осы бейнені таңдаған болсаңыз, сіз бір нәрсеге қатты байланып қалғансыз. Өткенге орала алмайсыз. Мінезіңіз аса байсалды, алайда біреу тисе оған бар агрессияңызды танытасыз. Қарттықтан қатты қорқасыз.
3. Ай. Өз қалауыңыз бен эмоцияңызды тасада ұстайсыз. Барлығын езіп-жашуға тырысасыз, алайда дәл осы қасиетіңіз түнде тыныш ұйқытауға мүмкіндік бермейді. Сізге жай ғана ішкі үйлесімділікті қалпына келтіру керек. Сонда барлығы орнығады. Сіз өз ұстанымдарыңызға сенімдісіз ғой.
4. Уәзір (ферзь). Сіз үнемі жауапқа мұқтаж боп, оны іздеумен жүресіз. Сұрақтарыңыздың шешімін таппасаңыз, депрессияға түсуіңіз де ғажап емес. Үнемі бір нәрсе үйренумен боласыз. Сәт сайын жаңа ақпарат алмасаңыз, жаныңыз жай таппайды. Адамдармен аса жақын қарым-қатынас жасайсыз. Көпшілігі сізге сенім артады.
5. Таға. Бұл адамды тек негативтен емес, тіл-көзден де сақтайтын нағыз тұмар. Ол сәттілік әкеледі. Егер осы тағаның таңдаған болсаңыз, өте жолы болғыш адамсыз. Табиғатыңыздан тартымдылық бар, көпшілікті бірден үйіріп әкетесіз. Бірақ мұны өз басыңызға пайдаланудың қажеті жоқ.
Сіз қай бейнені таңдадыңыз, сәйкес келді ме?
massaget.kz