Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" Ұлттық порталы.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында: «ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деп мәлімдеді.
Күдікті қазір ҚР ҚПК 128-бабы тәртібіне сәйкес ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.
Сурет интернет желісінен