Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" жарлығына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.