Беларусияда студенттер көтеріліп жатыр..

3123
Adyrna.kz Telegram

Беларусияда Минск көшелерінің бірінде бірнеше университеттің студенттері наразылық білдіріп, алаңға шықты. Алдымен, 1 қыркүйек күні таңертең Беларусь ұлттық техникалық университеті мен Беларусь мемлекеттік информатика университетінің студенттері Тәуелсіздік даңғылына шықты. Айта кететін жайт, 1 айға жуық ол жер Лукашенкоға қарсы күштің бас қосатын жеріне айналды.

Жергілікті штат басқарушысы студенттік топты Козлова көшесінде тоқтатпақ болған. Алайда "Біз қыдырып жүрміз, бүлікші емеспіз!"-деп штат басқарушысын елемеген.

ОМОН қызметкерлері студенттердің соңынан барынша қадағалап отырған. Тура "Жеңіс" алаңының тұсында бүлікшілерді ұстап, жазалау режимі басталды. Ақпаратты бірінші болып хабарлаған Tut.by порталы ұсынған суреттер бойынша студенттерге күш жұмсалғандығы байқалады. ОМОН қызметкерлері  20-ға жуық студентті ұстаған. Ұсталған 16 адамның есімдері белгілі, олар студенттер, оқытушылар және журналистер екен. Жеңіс алаңы метро станциясы уақытша жабылды, пойыздар тоқтатылды.

Беларусь мемлекеттік университетінің бас ғимаратының есіктері жабылды, бірақ студенттер мен университет өкілдерімен сөйлескеннен кейін олар қайтадан ашылған екен. Басылымның мәліметінше, тәрбие ісі жөніндегі проректор Иван Янушевич пен студенттер ғимараттың қасында флешмоб билеп билікке үндеу жарияламақ болған. Ал Tut.by порталының мәліметі бойынша, «университеттерде төтенше жағдайға қатысы бар деген студенттер оқыған» деген негізбен жабылған.

Минск қалалық атқару комитетінің ІІББ Минскідегі бүлікшілерді ұстау фактісін растады: "кейбір ақпарат көздері жазғандай адамдар хабарсыз жоғалып, ұрланып жатқан жоқ. Алаңға жиналғандарды милиция қызметкерлері ұстап отыр. "Ұстамас бұрын, олар өздерін таныстырады және ұстау негіздерін түсіндіреді".

27 тамызда Лукашенко наразылықтарға қатысқан студенттерді әскерге жіберемін деп қорқытты.

"Біз балаларға жоғары оқу орнында оқысын немесе әскерге жіберілсін деген үкім шығарамыз. Олардың оқығысы келмесе, ендеше Отанды қорғау керек. Біздің Отанымызға қауіп төніп тұр!"- деді ол.

 

 

Ақкенже Оразбек,

Ақпарат ВВС сайтынан аударылды

Пікірлер