Қазіргі сағатта халыққа жолдау жасап отырған ел президенті Қ.Тоқаев ауылшаруашылығын дамытуда кездесетін кедергілерге байланысты, шұғыл шаралар қабылдау керектігін атап өтті. Көкөніс, дәнді дақылдан бөлек, балық шаруашылығын дамытуға да назар аудару керектігіне тоқталды.
"Жеке шаруа қожалықтарының өзара бәсекелестігінің төмендігі мен жеке жұмыс істеуінің салдарынан өндірілген өнімдер құны өз деңгейінде емес, келесі жылы Жер Кодексіне байланысты мараторий өз күшін жойғанымен, «жеріміз шетелдіктерге сатылмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.