ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ және пневмониямен күрес бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәлімет таратты, деп хабарлайды Адырна ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгінгі күні медициналық масканың шекті бөлшек сауда бағасы 28%-ға, яғни 118-ден 85 теңгеге дейін төмендеген. Қазір резервте 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныш костюмі бар. Тестілеу қуаты: қазір – тәулігіне 32 мың, 1 тамызға қарай - тәулігіне 35,6 мыңға дейін, 1 қыркүйекке қарай - тәулігіне 64 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған. Тамыз айының соңына дейін тестің ПТР резервін қалыптастыру - 1,2 млн, 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. Дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу шаралары:
Біріншіден, сертификаттау рәсімдерін жеңілдету: - ( 1 айдан 3 күнге дейін) - бір жолғы әкелу бір тәулік ішінде беріледі - COVID-19 емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу процедурасы (6 айдан 2 айға дейін) жеделдейді.
Екіншіден, бөлшек сату бойынша дәріханаларды арнайы борттар есебінен толықтыру үшін Ресей мен Үндістанға 4 млн орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған.
Үшіншіден, өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорын құру: - Алматы - 5 млрд тг - Нұр-Сұлтан - 1,2 млрд тг - Шымкент - 180 млн тг - Ақтөбе облысы - 500 млн тг - ШҚО - 250 млн тг және басқалар.
Төртіншіден, COVID-19 емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен, оған қоса 1 млн-ға жуық адамды қамтитын 8,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 5 түрімен қамтамасыз ету көзделген.
Бесіншіден, стационарларда емдеуге арналған дәрі-дәрмектің айлық қоры қалыптасты. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу рәсімі қатар жүргізіледі.