Елімізде 2 миллион адам СOVID-19 жұқтырғыны рас па?

2612
Adyrna.kz Telegram

Фото: euronews.com

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова экономист Олжас Құдайбегеновтің пікірімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" Tengrinews.kz ке сілтеме жасап.

Осыған дейін экономист елімізде 2 миллион адам коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.

"Қазіргі таңда әлемде симптомсыз науқастардың үлесі 15-40 пайыз аралығында. Ол көрсеткендай 85 пайыз емес. Ал пневмониямен ауырғандардың үлесі 20 пайыз шамасында. Сондықтан біз Олжас келтірген деректермен келіспейміз", - деді Есмағамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері елімізде коронавирус жұқтырған, бірақ басқа созылмалы аурудан 319 адам қайтыс болғанын айтқан еді.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 76 799-ға жетті. 48 220 науқас дертінен айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.

Пікірлер