Шымкентке қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда

2730
Adyrna.kz Telegram

Соңғы 7 күнде Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Индиядан, Ресей мен Украина елінен қажетті дәрілер Шымкент қаласына жеткізілді. Олар ең алдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылатын болады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Аптека №5», «Мега Фарм Плюс» серіктестіктердің көтерме қоймаларына арнайы барып, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және дәрілік қордың жеткілікті екеніне көз жеткізді.

Бүгінде аталған екі фарм компания қорында 273 мың флакон левофлоксацин ерітіндісі, 200 мың қорапқа жуық аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі, 130 мың қорап аналгин мен димедрол, эуфиллин ерітіндісі сынды маңызды медикаменттің 8 түрі келген.

Сонымен қатар, Қазақстанды оның ішінде Шымкент қаласын қажетті дәрімен қамтамасыз етуде «Химфарм» дәрі-дәрмек зауытын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде мұнда инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, ампулалар), антибиотик ұнтақтары шығарылады.

 

Шымкент

Пікірлер