Еліміздің тұрғындары әлеуметтік желіде ауруханада ем алып жатқан жақындарына хабарласа алмайтынын жеткізіп, шағымданған еді. Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы телефонның вирус тасымалдаушы екенін айтып, аталған шара сақтық үшін жасалып жатыр дейді.
«Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артуда. Бүгінге дейін вирус қаншама адамның өмірін жалмады. Желіде облыстағы стационарлардың бірінде науқастардың телефонын алып қойып жатқаны туралы хабарлар тарауда. Телефон – вирустың ошағы емес, дегенмен стационарлық жағдайда вирус тасымалдау ықтималдылығы жоғары құрал. Ұялы байланыс құралын ешкім антисептикпен тазаламайды, ал вирус қолға жиі ұстайтын нәрселерден жұғады. Қазір бәрімізге ортақ мүдде – науқастар санын азайтып, өлім-жітім көрсеткішін төмендету. Әрбіріміз өз денсаулығымыз үшін жауаптымыз!» - деп жазылған БҚО Денсаулық сақтау басқармасы жариялаған түсіндірме хатта