Желіні қатыгездігімен шулатқан күдікті ұсталды (видео)

17021
Adyrna.kz Telegram

18 жастағы павлодарлықты ұрып-соққан күдікті қамауға алынды. Бұл туралы "Адырна" Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар қаласында орын алған қатыгез соққыға жыққан күдіктілер тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталған.

Қазіргі уақытта 18 жастағы облыс тұрғыны Павлодар қаласының УҰИ-на қамауға алынды.

Екіншісіне қатысты кәмелет жасқа толмағанын ( 17 жас) ескере отырып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде бір топ жас балалардың жиналып, оның екеуі керісіп, бірінің соққыға жығылуымен аяқталған видеосы тарап кеткен болатын.

Төбелестің видеосы

Пікірлер