Тоқаев: Үкімет мұқтаж жандарға шілде айына 42 500 мың теңгеден төлейді

3342
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы карантин мерзімінің тағы 2 аптаға ұзартылып, көмекке мұқтаж жандарға 42 500 теңгеден беретінін айтты.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет

Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42 500 мың теңге төлейді,", - деді твиттер парақшасында.

 

Пікірлер