Ресейден 45 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді

2687
Adyrna.kz Telegram

Алматы халықаралық әуежайына Ресейден дәрі дәрмек тиелген  тағы бір ұшақ келді. Бұл жолы 30 тоннаға жуық препарат жеткізілді.

Қазіргі кезде елімізде  тапшы болып тұрған  азитромицин, меро-пенем, гепарин, фраксипарин сынды  вирусқа қарсы және дене қызуын басатын дәрілер келді.

Еске сала кетейік , кеше түстен кейін Алматыға дәл осындай жүкпен алғашқы ұшақ 15 тонна дәрімен келіп қонған болатын.

Осылайша  бір тәулікте Ресейден  45 тоннадан астам  дәрі-дәрмек жеткізілді.  Бұлар  еліміздің  өңірлеріндегі дәріханаларға   таратылады.

-Дәрі-дәрмектер  алдағы екі айда сұранысты  толығымен  қамтамасыз етуге жеткілікті,  Ал келер аптада Үндістаннан дәрі-дәрмекпен тағы екі ұшақ  ұшып келуі тиіс, - дейді қала басшылығы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер