Қазақстан коронавируспен күресуге 150 миллиард теңге бөледі. Бұл туралы "Адырна" Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Үкімет пен өңірлер пандемиямен күрестің өзекті мәселелерін шешуге 150 миллиард теңге бөледі. Негізгі міндет - коронавирустың таралуын тоқтату және науқастарды емдеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу», - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Үкімет бұған дейін коронавируспен күрсеу үшін 191,9 миллиард теңге бөлген болатын.