Қазақстанға коронавирус індеті келгелі бері 18 медицина қызметкері қайтыс болды. Орталық коммуникациялар брифингінде еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осындай мәлімет таратты.
"Бүгінде коронавирус жұқтырғандардың 11,5 пайызы медицина қызметкерлері. Олардың 492-де пневмония бар. Қазіргі уақытта 511 медицина қызметкері емделіп жатыр. 18 өлім жағдайы тіркелген", - деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, өлімнің барлығы коронавирусқа байланысты емес.
"Адырна" ұлттық порталы