Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Жақсы жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсетті (коронавирус белгілері жоқ - ред.).
Дәрігерлердің кеңесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланды, қашықтан жұмыс істеп жатыр және оған таза ауада серуендеу кеңес етілді», – деп жазды Айдос Үкібай.