Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің әрбір еңбектеріңіз қоғамның айнасы!
Халықтың үні, көзі мен құлағы боп, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын жүзеге асыруда қосар үлестеріңіз мол.
Елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, Отаншылдық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеп мамандыққа адалсыздар.
Әлемдік пандемия кезеңінде еліміз үшін сындарлы шақта сіздердің де атқарар рөлдеріңіз зор.
Халықты санитарлық талаптарды сақтауға, сабырға шақырып, короновирус инфекциясымен бірге күресейік! Өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына абай болыңыздар.
Өйткені індетпен күресте БАҚ өкілдері, сіздер де алғы шепте жүрсіздер.
Мерейлі мереке күні әрқайсысыңыздың отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Қаламдарыңыз қарымды, тақырыптарыңыз өткір болсын!
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов
"Адырна" ұлттық порталы