Қытай Қазақстанды айналып өтіп, Өзбекстанға көлік дәлізін ашты

6249
Adyrna.kz Telegram

Фото Chinalogist.ru сайтынан
Қытай билігі жаңа көлік дәлізін ашты, ол арқылы Өзбекстанға пойыздар жүреді. Алғашқы жүк пойызы 5 маусымда Ланчжоу қаласынан (Гансу провинциясы) Ташкентке аттанды, деп хабарлайды "Адырна" The Global Times-ке сілтеме жасап.

Маршрут Қырғызстан аумағы арқылы өтеді. Пойыз ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Қашқар ауданына жетеді, содан кейін көліктермен жүк Қырғызстанның Иркештам қаласына, содан кейін Ошқа жеткізіледі. Ол жерден тауарлар теміржолмен маршруттың соңғы нүктесіне - Ташкент қаласына жөнелтіледі.

Chinalogist.ru басылымының хабарлауынша, Ланчжоудан Өзбекстан астанасына алғашқы пойыз $ 2,6 млн долларға 230 тонна электр құрылғыларын жеткізеді, Қытайға қайтар рейс $ 1 млн тұратын 525 тонна өзбек мақта матасын жібереді.

Жаңа дәліздің ұзындығы 4380 км, тасымалдау 7-10 күнді құрайды. Қытайдан Өзбекстанға Қырғызстан арқылы өтетін жол Қорғас арқылы өтетін жолдан (Қытай мен Қазақстанның шекарасындағы елді мекен) шамамен 300 км қысқа, ол бес күнге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Болашақта Қытай теміржол экспрессінің (бұдан әрі - «Қытай теміржолдары») жоспарлары Орталық Азия арқылы Еуропаға бағыттарды дамыту болып табылады.

Пікірлер