ДДҰ бетпердеге қатысты жаңа мәлімдеме жасады

2215
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұма күні бетпердеге қатысты шешімді жаңартты.Ұйым үкіметтерге қоғамдық орындарда бетпердені міндетті түрде тағуға кеңес берді.

Пандемия басталған кезде ДДҰ тек коронавируспен ауыратын науқастарға және оның белгілері анықталған адамдарға ғана бетперде тағуды талап еткен болатын. Алайда, соңғы зерттеулер бетпердені дұрыс қолданған кезде инфекциядан тиімді қорғануға болатынын көрсетті. Қазіргі таңда коронавирус алғашқы белгілерсіз адам ағзасына таралып жатыр. Сонымен қатар , ұйым адамдарды барлық сақтық шараларын ұстануға шақырды .

"Тек бетперделер ғана сізді COVID -19-дан қорғамайды" ,- деді ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебрейсус .

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы бері әлемде 6,6 миллионнан астам адам коронавируспен ауырып, 400 мыңға жуық адам қайтыс болды. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирустық инфекцияның 12 511 жағдайы тіркеліп, одан 6 903 адам сауыққан. Еліміз бойынша пандемиядан 52 науқас қайтыс болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер