«Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының халқы үшін – эвакуацияланған 30420 тұрғын үшін «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5 млн 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына түседі», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Ұлттық банк бекіткен теңге бағамымен, кәсіпкер аударған ақша 2 млрд 125 млн теңгеден астам ақшаны құрайды.