Б.Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беруге болмайды! Неге?

4632
Adyrna.kz Telegram

Мен Баукеңді бұл атаққа лайық емес деп отырған жоқпын. Керісінше, ол атақ Баукеңнің атына лайық емес! Баукеңе "ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БАТЫРЫ"
деген арнайы, ерекше атақ берілуі керек! Және оны кейінге қалдырмай, Жеңістің 75-жылдығының алдында берсек тіпті дұрыс болар еді. Француздар Жанна д Арктен кейін Шарль де Голлді "Француздың Ұлттық Батыры" деп ресми таныды. Дәл сол секілді БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ - ҰЛТТЫҢ СИМВОЛЫ! ҰЛТТЫҢ АР-НАМЫСЫ! ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ! Орысша айтсақ - "Совесть нации!" Осы атаудың бәріне бір өзі лайық. ("Ұлттың ұяты" деп ол кісіден басқа тек Герольд Бельгерді атауға болады...) Негізде, дәлелде десеңіздер:
1.Жүректің ғана емес, ақылдың да теңдессіз батыры - соғыс кезінде 5 рет қоршаудан батальонын аман алып шығып қана қоймай, оның құрамын көбейтіп алып шығып отырған жалғыз командир.
2.Ұлттық мүддені әрқашан ту етіп биік ұстаған, өз мүддесінен жоғары қойып отырған. Тым ұлтшыл болмаса тез-ақ көтеріліп кететінін көріп отырса да, одан таймаған.
3.Ұлттық мәселеде ешқашан пендешілік деңгейге түспеген. Түскендерді кім болса да кешірмеген. 1970 жылы, 9-мамырда, Жеңістің 25-жылдығының құрметіне өтіп жатқан Әскери парадқа шақырылмаған соң өзі барып, Д.Қонаев пен Б.Әшімовтың арасына таяғын тығып, екеуін екі жаққа қарай итеріп-итеріп жіберіп, ортасына тұрып алып, Парадты өзі қабылдаған.
4.Адамгершілік тұрғыдан әрқашан биіктен көрінген. Аға сұлтан Есеней секілді "Құдайдың менің алдымда болмаса, менің Құдай алдында күнәм жоқ" деп айта алатындай хақысы болған адам.
5.Жазушылығы жағынан да теңдессіз "Ұшқан ұяны" қалдырса, "Аңыз бен ақиқаттың" бейресми соавторы болған.
Енді өздеріңіз ойлаңыздаршы, бұл атақты алған азаматтармен - батыр болсын, әнші болсын, совхоз директоры болсын, бәрі де лайық жандар - қалай Баукеңді бір деңгейге қоюға болады, обал емес пе?! Алла-Тағалаға Баукеңді бергені үшін сансыз алғыс айтайық-тағы, өзіміз әлемде санаулы ДАРА ТҰЛҒАНЫҢ қадырына жете білейік те!
(Өзбектерде Бауыржан болғанда, олар бұндай ұсынысқа сол сәтте іске асырар еді деп ойлаймын. Себебі, онсыз да олар "Құдай дарынды қазаққа берген, қадырын бізге берген..." деп, әския айтады бізге)

П.С. Болашақта "Ұлттық Батыр" деген атаққа ұсыну үшін ұрпағымыз мың ойланып, сан толғанып барып қимылдар. Баукеңнің аруағы ойландырмай қоймайды!..

Өмірзақ Ақжігіт,

тәуелсіз журналист

Википедия: По состоянию на 20 марта 2019 года звания «Народный Герой» удостоены 32 человека, в том числе:
Сагадат Нурмагамбетов — генерал армии, 1-й Министр обороны Казахстана (указ от 23 мая 1994 года)
Ахат Куленов — президент ЗАО ГМК «Алтын-Аймак», металлург, профессор кафедры химии, металлургии и обогащения ВКГТУ им. Д. Серикбаева (указ от 15 октября 1994 года)
Александр Христенко — директор Карагандинского научно-исследовательского совхоза — института сельского хозяйства (указ от 15 октября 1994 года)
Токтар Аубакиров — 1-й лётчик-космонавт Казахстана, генерал-майор (указ от 12 января 1995 года)
Талгат Мусабаев — 2-й лётчик-космонавт Казахстана, генерал-майор (указ от 12 января 1995 года)
Юрий Маленченко — лётчик-космонавт Российской Федерации, полковник (указ от 12 января 1995 года)
Касым Кайсенов — писатель, ветеран Великой Отечественной войны 1941—1945 годов (указ от 24 апреля 1995 года)
Алексей Кулаков — ветеран Великой Отечественной войны 1941—1945 годов (указ от 24 апреля 1995 года)
Мурдин Таипов — ветеран Великой Отечественной войны 1941—1945 годов (указ от 24 апреля 1995 года)
Бауыржан Момышулы — (посмертно) участник Великой Отечественной войны, полковник, писатель (указ 1995 года) Бұл, әрине, жаңсақ жазылған нәрсе.
Мухтар Алиев — академик, директор НИИ клинической и экспериментальной хирургии (указ от 29 декабря 1995 года)
Аким Атмачиди — заслуженный строитель Казахстана, директор Семипалатинского производственного объединения сборного железобетона (указ от 29 декабря 1995 года)
Шафик Чокин — академик, президент Академии наук Казахстана (указ от 7 июня 1996 года)
Роза Багланова — оперная певица, народная артистка СССР (указ от 9 декабря 1996 года)
Кайрат Рыскулбеков — (посмертно), участник событий декабря 1986 г. в Алма-Ате, объявлен жертвой советского режима (указ от 9 декабря 1996 года)
Бахтурас Бейскбаев — (посмертно), стрелок бомбардировщика, участник Великой Отечественной войны 1941—1945 годов, Герой Российской Федерации (указ от 6 мая 1998 года)
Нургиса Тлендиев — композитор (указ от 24 августа 1998 года)
Азербайжан Мамбетов — театральный режиссёр, народный артист СССР (указ от 24 октября 1998 года)
Рахимжан Кошкарбаев — (посмертно), лейтенант, участник Великой Отечественной войны 1941—1945 годов, командир стрелковой роты, герой штурма Берлина (указ от 7 мая 1999 года)
Хиуаз Доспанова — ветеран Великой Отечественной войны 1941—1945 годов, лётчица 46-го гвардейского женского ночного бомбардировочного авиационного полка (указ от 07 декабря 2004 года)
Маулен Калмырза — ветеран Великой Отечественной войны 1941—1945 годов, герой боёв за освобождение Украины (указ от 2005 года)
Александр Капорин — ветеран Великой Отечественной войны 1941—1945 годов, командир расчёта противотанкового орудия (указ от 2005 года)
Мухтар Алтынбаев — генерал армии, Министр обороны Казахстана (указ от 6 мая 2006 года)
Азамат Тлеуханович Жумадилов — старший лейтенант армии Казахстана, за спасение из горящего дома женщины с тремя детьми (указ от 07 декабря2007 года)
Бахытжан Ертаев — генерал-лейтенант, заместитель председателя Комитета Начальников Штабов Вооружённых сил Казахстана, участник афганской войны 1979—1989 годов (указ от 5 декабря 2008 года)
Газиз Байтасов —(посмертно) капитан полиции, командир 1 взвода ОБДП ДВД города Тараза (указ от 5 декабря 2011 г.)[1]
Айдын Аимбетов — лётчик-космонавт Республики Казахстан, полковник. (Указ № 102 от 14 октября 2015 года)[2]
Дмитрий Родин — командир воздушного судна Fokker-100, посадивший его без передней стойки шасси (Указ № 244 от 3 мая 2016 года)[3]
Кайрат Умбетов — начальник штаба — первый заместитель командира войсковой части 6505 регионального командования «Орталык» Национальной гвардии (Указ № 244 от 3 мая 2016 года)[3]
Нурсултан Назарбаев — первый президент Казахстана (Указ № 1 от 20 марта 2019 года)[4]. [5]

Пікірлер