Мамырда балаларға екпе салу жалғасады

3638
Adyrna.kz Telegram
Дәрігерлер баланы емханаға алдыру мен екпе салу жұмысын мамыр айына жоспарлап отыр.

Нұрп Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова бір жасқа дейінгі балаларға екпе салу жалғасатынын хабарлады.

"Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2 сәуірден бастап бұл жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Екпені тек перзентханада ғана жасайды. Сосын жарақат алған адам травматологиялық пункте ала алады. Ал басқа жерде екпе салу жұмысы тоқтатылған", – деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.

Дәрігердің айтуынша, 11 мамырдан бастап екпе салу шаралары жалғасады. Бірақ, дәрігерлер үйге барып, екпе салмайды.

"Біз үйге барып, екпе салмаймыз. Себебі неше түрлі асқыну болуы мүмкін. Жалпы баланы емханаға алдыру мен екпе салуды медицина мекемелері өздері жоспарлап жатыр. Оны 11 мамырдан бастайды", – деп атап көрсетті Қисықова.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер