Шымкентте коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

2132
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Бұл туралы  coronavirus2020.kz хабарлады.

Марқұм 1968 жылы дүниеге келген. Ол Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны.

20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды.

Ауруханаға түскен кезде, науқастың ауыр жағдайына байланысты, ӨЖЖ аппаратына қосылды.

Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды.

Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды.

Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды.

Бүгінге дейін індетен барлығы 21 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 2

Алматы қаласы – 6
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 1
Қостанай облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Түркістан облысы – 1
Шымкент
Пікірлер